Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында көш бастады
Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында көш бастады
© olympic.kz
175
оқылды
Шымкентте нысана көздеуден 14-ші  Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz.  Қазақстандық мергендер 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады. Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан. Азия біріншілігіне құрлықтың 10 мемлекетінен 176 спортшы қатысты. Командалар арасынан Кувейт құрамасы ғана жүлдесіз қалды.