Жамбылдағы жарылыс: қойманың 30 гектар аумағы толық тазартылды
Жамбылдағы жарылыс: қойманың 30 гектар аумағы толық тазартылды
Фото: dknews.kz
239
оқылды

Байзақтағы жарылыс болған әскери базаның 30 гектар аумағы оқ-дәріден қалған жарықшақтардан толық тазартылды. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады.

Апат болған жерде 300-ден астам сарбаз жұмыс істеп жатыр.  Із-түзсіз жоғалған жауынгер, әскери сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру  үшін жүзге жуық адам жұмылдырылған. 50 арнайы техника мен онға жуық сапер бар. Жарылыс болған күні тауды бетке алып бара жатқан әскери формадағы адамды жақын маңда қой бағып жүрген шопан көрген. Алайда, ол қойшының шақырғанына үн қатпаған. Жауаптылардың сөзінше, контузия алып, есін білмеуі мүмкін. Сондықтан таулы аймақтар да жіті іздестіріліп жатыр.

28349 әскери бөлім командирінің орынбасары Руслан Жылқыбаев: «Біздің қарулас досымыз, сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмысын тоқтатпаймыз. Осы күнге дейін ата-ана, бауырларымен әр жасап жатқан қадамымыз туралы хабарлап отырмыз. Бауыржанды таппайынша, біз жұмысымызды доғармаймыз», – деді.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыс туралы жазған болатынбыз.