Университетте оқ жаудырған жігіт өзін және айналасындағылардың бәрін жек көрген - БАҚ
Университетте оқ жаудырған жігіт өзін және айналасындағылардың бәрін жек көрген  - БАҚ
Фото: t.me/rt_russian, t.me/Lshot
268
оқылды
 «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде Пермь мемлекеттік университетінде оқ жаудырған адамның жазбасы пайда болды, кейін оны өшіріп тастады,  деп хабарлады  RT на русском Telegram-каналы. Telegram-каналдың мәліметінше, бұл - 18 жасар  Тимур Бекмансуров. Оның жазуынша, бұл теракт емес, экстремистік ұйымның мүшесі болған емес.
«Ешкім менің не істемек болғанымды білген жоқ, бәрін өзім істедім. Осының бәрін Тергеу комитетінің жұмысын жеңілдету үшін жазып отырған шығармын",- дейді ол.
Айтуынша, атысты бұрын жоспарлаған. 10 сыныптан бастап қаруға ақша жинаған, 18 жасқа толғанда қару сатып алған. Ол арнайы  комиссиядан өтіп, аңшы қаруына билетті заңды алғанын сипаттап жазған. Алдымен ол өзі бітірген мектептегі оқушыларды атпақ болып жоспарлаған, кейін ойынан айнып қалған. Айтуынша, Пермь мемлекеттік университетінде атыс шығару үшін оқуға түскен. Өзін және айналасындағылардың бәрін жек көреді. Кейін әлеуметтік желідегі парақшасын өшіріп тастады. Бұған дейін Ресейдің Пермь мемлекеттік университеті корпустарының бірінде белгісіз біреу оқ жаудырып, 8 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.