Пермь университетіндегі атыс: 8 адам көз жұмды
Пермь университетіндегі атыс: 8 адам көз жұмды
© әлеуметтік желі
214
оқылды
Куәгерлер Ресейдің Пермь мемлекеттік университеті корпустарының бірінде белгісіз біреу оқ жаудырып, бірнеше адамды жарақаттағанын хабарлады,- деп жазады РЕН ТВ Алдын ала мәлімет бойынша, студенттер мен оқытушылардың бір бөлігі ғимараттан шығып үлгерген немесе аудиторияларды ішінен жауып алған. Әлеуметтік желіде қаскөйдің адамдарды және ЖОО терезелерін атып жатқаны туралы видео пайда болды. РЕН ТВ мәліметінше, екі адам зардап шеккен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 59.RU басылымының жазуынша, университеттің баспасөз қызметі адамның оқ атқаны туралы ақпаратты растаған. Ер адам травматикалық қарудан оқ атқан. Зардап шеккендердің бірінің басына оқ тиген, бірақ ол есін жиды. Сағат 11 шамасында белгісіз адам университет ауласына кіріп, адамдарға оқ жаудыра бастаған. 4 адамның зардап шеккені белгілі болды.   Кейін Ресейдің Тергеу комитеті 8 адамның қаза тауып, бірнеше адамның зардап шеккенін хабарлады.