Қазақстанда "йота" штамы анықталды: жаңа мутация туралы не белгілі?
Қазақстанда "йота" штамы анықталды: жаңа мутация туралы не белгілі?
Коллаж: А.Ахметқазы
414
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Қазақстанда "йота" штамы ("нигериялық" штамм) анықталғанын хабарлады. Коронавирустың жаңа мутациясы туралы қандай ақпарат белгілі?

"Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізді. Оның қорытындылары бойынша, Қазақстанда 96 үлгіден штамдар анықталған. (Delta "Үнді штамы" – 57 (59,4%), Alpha "британиялық" – 24 (25%), "Ухань" коронавирусы – 10 (10,4%) және eta "Нигерия" - 5 (5,2%)" деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, "йота" штамы 4 өңірде анықталған: Қарағандыда – 1, Маңғыстауда – 2, Павлодарда – 1, Нұр-Сұлтанда – 1. "Йота" штамы 2020 жылы желтоқсанда белгілі болған. Ол алғаш рет Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған. Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (Africa CDC) директоры Джон Нкенгасонг жаңа штамм елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп жатқан кезде анықталғанын хабарлады. Сонымен бірге ол жаңа мутацияның жұқпалы екені туралы ешқандай дәлел жоғын айтты. Коронавирустың бұл штамы Ұлыбританияда да табылды. Сол кездің өзінде бұл штамның клиникалық белгілері "британиялық" және "Оңтүстік Африка" штамдарымен бірдей екені айтылды.

2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша "бұл-штамм" әлемнің 77 елінен табылды. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санаты бойынша "бақылауды" қажет ететін штамдар қатарына жатқызылды.

Еуропа елдерінен бұл штамм алғаш рет биыл наурызда Италияда табылды. Кейін басқа елдерге тарала бастады, Австралия, Бельгия, Гана, Сингапур, Дания, Испания, Канада, Иордания, АҚШ, Майотта, Нидерланды, Жапония, Финляндия, Франция және Швейцарияда тіркелді. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, штамның бұл түрі негізінен Нигерияда және басқа мемлекеттерде оннан аспайтын пайыз деңгейінде таралады. Коронавирустың "нигериялық" штамын жұқтырғандар әдетте "британиялық" штамм сияқты дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады, дәм және иіс сезу қабілеті жоғалады, аурулары асқынады. 9 қыркүйекте Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "йота" штамы туралы айтқан еді.

"Бұл штамм туралы ақпарат көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызығушылық тудыратын және алаңдаушылық тудыратын деп жіктейді. Зерттеу көрсеткендей, оның жұғу ықтималдығы Уханьда табылған коронавирус штамына қарағанда 15%-ға жоғары. Қазір бұл штамм әсіресе АҚШ-та басым. 65 жастан асқан адамдар одан жиі зардап шегеді. Егер "дельта" штамын Ухань штамымен салыстырғанда үш есе жоғары. Бірақ "йота" "дельтадан" әлсіз. Сондықтан қазір коронавирустың "дельта" штамы "йота" штамына қарағанда қауіпті", - деді Жандарбек Бекшин.