Шетелдіктер заңсыз алтын өндірген
Шетелдіктер заңсыз алтын өндірген
182
оқылды

Ақмола облысында құра­мын­да бір топ шетелдік бар 23 заңсыз алтын өндіруші ұс­талды. Бұл жайында Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Жүргізілген әкімшілік учаскелерді аралау нәтижесінде Бестөбе полиция бөлімшесіне 23 адам түсті, олардың 8-і ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы (Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада. Полицияның мәліметіне сенсек, тексерілген мекенжайдан 28 шахтер каскасы, аккумуляторлық батареялары мен зарядтау құрыл­ғылары бар 12 шахтер шамы, арнайы киім, кескіш, балға, кирка, өзін-өзі құтқару және белбеу тәр­кіленген. «Пәтерлердің бірін тексеру кезінде тау-кен металлургия комбинаты шахталарының төменгі қабаттарына түсуге ниет білдірген төрт заңсыз қазба іздеуші ұсталды. Ұсталғандардың бірінен мари­хуанаға ұқсас ерекше иісі бар өсімдік тектес сұр-жасыл түсті екі полиэтилен пакет табылды. Атал­ған факт ҚР ҚК 296-бабы (өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізі­лімін­­де тіркелген. Сараптама та­ғайын­далды. Ұсталған адамдармен күзетілетін объектіге заңсыз кіргені үшін ҚР ҚК 269-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме жүр­гізілді», – деп толықтырды полицейлер.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ