QaraFest деректі фильмдер фестивалі онлайн өтеді
QaraFest деректі фильмдер фестивалі онлайн өтеді
239
оқылды

23-28 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» кинотеатрында QaraFest фестивалінің фильмдері көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль – qarafilmfest.kz алаңында 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтеді.

QaraFest бағдарламасында Чили, Түркия, Швеция, Германия, Норвегия, Финляндия, Грузия, Бельгия, АҚШ және Румыниядан 10 туынды бар. Барлық фильмдер түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс субтитрлерімен көрсетіледі. Көрсетілімдер Сорос-Қазақстан қорының және Нидерландтық movies That Matter кинофестивалінің гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды. QaraFest – авторлық деректі фильмдер фестивалі. Көзбен көруге, көңілге түюге, зерттеуге, таным көкжиегінде зерделеп, тың болмысты тануға мүмкіндік беретін фестиваль. 2020 жылғы қиын кезеңде туып, әлемдік шектеулерге қарамастан, былтыр 2200-ден астам көрерменге Қазақстанның 8 үздік деректі туындысын ұсынды. QaraFest Биыл QaraFest халықаралық фестивалі аясында көрсетілетін фильмдер тірі тіршіліктің, қас-қағым сәттің, кадрдағы шынайы өмірдің куәгері болуға шақырады, шығармашылық ләззат алып қана қоймай, бүгінгі шынайы болмысты жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Фильм бағдарламасы – бұрын-соңды көзге таныс болмаған, әйтсе де шынайы өмірді бейнелейтін өзге тағдырды, өзгеше кейіпкерлерді қамтиды.
QaraFest фестивалі туралы толық мәліметті instagram.com/qarafest парақшасынан білуге болады.