Бір күнде бес банктен 8,5 миллион теңге несие алды
Бір күнде бес банктен 8,5 миллион теңге несие алды
214
оқылды
Белгісіз алаяқ Петропавл қаласының тұрғынын алдап соқты. Ол әйелге қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырған. Одан соң әйелдің атын белгісіз біреу несие ресімдейін деп жатқанын хабарлаған. Банк терминдерін жақсы меңгерген алаяқ жәбірленушіні 2 миллион теңге несие алып, қосымша есеп-шотқа аударуға көндірген. Көп ұзамай қаскөй сол әйелге тағы да қоңырау шалып, басқа банктен белгісіз біреулер оның атына несие алып жатқанын айтқан. Алаяқтың айтқанын мүлтіксіз орындай отырып, әйел сол күні бес банктен 8,5 миллион теңгеден астам несие алған. Содан кейін ғана «ақылы кіріп», алаяқтың құрбанына айналғанын ұққан. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Роза Шакенова, Солтүстік Қазақстан облысы