Нұр-Сұлтанда жексенбі күні бірнеше көше жабылады
Нұр-Сұлтанда жексенбі күні бірнеше көше жабылады
Фото: 24.kz
245
оқылды
Нұр-Сұлтандағы Astana Marathon-2021 кезінде бірнеше көше жабылады, – деп хабарлайды елорда әкімдігі сайты. Елордада 26 қыркүйекте "Astana Marathon-2021" өтеді. Осыған байланысты жүгіру бағыты толық немесе ішінара өтетін көшелер жабылады. "Astana Marathon-2021" марафонын өткізуге байланысты 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Осы уақытта жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады. Желаяқтар екі қашықтық бойынша жүгіреді: 10 км және 42,2 км. 10 километр қашықтықта өтетін бағыт: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов бағыты бойынша өтеді.