Қазақстан боксшылары әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының финал қорытындысы бойынша 3 алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Sports.kz.
Теміртас Жүсіпов (49 кг.), Тимур Нұрсейітов (75 кг.) және Абзал Құттыбеков (91 кг.) елге "алтын" әкелді. Дамир Әбдіқадір (52 кг.) жанжалмен күміс жүлдегер атанды: бастапқыда төрешілер оны жеңімпаз деп атады, бірақ кейін комиссия жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап, қазақстандықты "күміспен" қалдырды. Сонымен, нәтиже мынадай:
49 кг. Теміртас Жүсіпов – Леандерсон Консейсао (Бразилия) — төрешілердің шешімімен Жүсіпов жеңіске жетті.
52 кг. Дамир Әбдіқадір – Дмитрий Двали (Ресей) — шешімді қайта қарап, жеңісті Двалиге берді.
75 кг. Тимур Нұрсейітов – Алексей Семыкин (Ресей) — төрешілердің шешімімен Нұрсейітов жеңді.
91 кг. Абзал Құттыбеков – Иван Сагайдак (Ресей) — Құттыбеков жеңіске жетті.