Вакцина коронавирустың мутацияға ұшырауына әсер ете ме?
Вакцина коронавирустың мутацияға ұшырауына әсер ете ме?
Фото: baby-ivf.ru
369
оқылды

Анық-қанығын иммунолог, профессор, медицина ғылымдарының докторы Рафаил Розенсон айтты. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды, – деп хабарлайды astana.gov.kz.

Профессордың айтуынша вакцинация вирустың мутациялануын азайтып, олардың жиілігін арттырмайды.

«Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі: Вакцинация мутацияға әсер етпей ме? Бүгінге дейінгі анықталған клиникалық мутациялар – альфа, бета, гамма, дельта, йота және басқалары вакцина енгізілгенге дейін анықталған. Коронавирустың ең көп мутацияланған түрі – дельта. Бұл Үндістанда жаппай вакцинациялау басталғанға дейін үш ай бұрын пайда болды. Ал жаппай вакцинациялау енгізілгеннен кейін науқастар қатары азаяды. Яғни вакцинация вирустың мутациялануын азайтып, жиілігін арттырмайды», – деді Рафаил Розенсон.

Медицина ғылымдарының докторы вакцинация адамның ДНҚ-сы мен репродуктивті әлеуетіне әсер ете ме деген сұраққа да жауап берді.

«Әлбетте олай емес. Екпені ең алғаш 1795 жылы Дженнер енгізгеннен бастап есептесек 226 жыл болыпты. Бүгінге дейін екпенің салдарынан мутацияланған адам болған емес. Ал антиваксерлер сол заманда-ақ болған. Қазір де жоқ емес», – деді ол.

Дәрігердің айтуынша ғалымдардың көпшілігі мына бір нәрсемен келіседі: науқас коронавируспен ауырып,  немесе ауырмай тұрып вакцина алса, артынан ауырып, сауығып кетсе, қорғаныс әлдеқайда күшті болады. Ол, сондай-ақ, алда ЖРВИ және тұмау маусымы келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, былтыр локдаунның толық енгізілуіне байланысты азаматтар ауруды өршітіп алған. «Иммунитет жаттықпаған. Биыл да тұмау қабаттасып келсе не болмақ – бұл сауалға аллергиясы бар, иммунитеті төмен пациенттерді күніне бірнеше рет қабылдау кезінде жауап беремін. Менің жауабым: аллергиясы бар науқастың бәрі ремиссияға қол жеткізіп, КВИ-ға қарсы вакцинация алуы керек. Тұмаудан өлу көрсеткіші – миллионнан бір рет кездесуі мүмкін. Вакцинациядан өлу мүмкіндігі – сәл жоғары, бес жүз мыңнан біреу. Коронавирустан өлу мүмкіндігі – 1:50. Яғни 10 000 есе жоғары. Сонымен, егер жасыңызға байланысты (үш жасқа дейін немесе 65 жастан асқан) немесе қосымша аурулар болса, тұмауға шалдығу қаупі бар. Тиісінше вакцина алған абзал» – деді ол.

Бұған дейін вакцинадан соң қайтыс болған дәрігер туралы жазған болатынбыз.