Екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: 7-su.kz
167
оқылды

Алдағы екі-үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады.

Сондықтан солтүстік, солтүстік-батыс, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ болады. Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 7-22 жылы болады. Солтүстік-батыста түнде 0-10 градус, күндіз 0-13 жылы болады. Солтүстікте түнде – 3-6, күндіз 5-8 градус аралығында болады. Орталықта күндіз 7-18 градустан 2-10 градусқа дейін түседі. Шығыста түнде 3-10 градус, күндіз 10-20 жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 7-18 градус, күндіз 12-27 градус жылы болады. Алматыда 28-29 қыркүйекте күн ашық, түнде +13...+16°C, күндіз +22...+23°C жылы болады. Ал 30 қыркүйекте күн алабұлтты, ауа температурасы түнде +13°C, күндіз +22°C көрсетеді. Нұр-Сұлтанда 28 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3°C, күндіз +9°C. 29 қыркүйекте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +2°C, күндіз +6°C жылы. Ал 30 қыркүйекте күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +3°C, күндіз +7°C көрсетеді. Шымкентте 28 қыркүйекте күн ашық, түнде +10°C, күндіз +25°C жылы. Ал 29-30 қыркүйекте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10...+13°C көрсетсе, күндіз +23°C жылы болады.