Атырауда жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Атырауда жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Фото: Ашық дереккөзден
196
оқылды
Атырауда үш көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар, – деп хабарлайды inform.kz. Жол-көлік апаты бүгін кешке Атырау қаласында Азаттық көшесінде болды. Сельстрой шағынауданына бет алған Toyota жол қиылысында үлкен жылдамдықпен қызыл бағдаршамға өтіп кетті. Қарсы бетке шығып, тоқтап тұрған Priora-ға соғылды. Priora-ны жолда айналдырып жіберіп, Toyota өзі бордюрдан асып түсті. Toyota көлігінің жүргізушісі ес-түссіз күйде жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған өзге адамдарға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілуде. https://www.youtube.com/watch?v=p_azb9aKTZ0&feature=emb_title