Жыртық шұлық жаңа трендке айналды
Жыртық шұлық жаңа трендке айналды
© note.com
914
оқылды
Әдетте дизайнердің жаңадан киген шұлығының башпай тұсы жыртыла береді екен. Содан күндердің бір күні "Осыны неге қалыпты жағдайға, сәнге айналдырмасқа?" деген идея туындайды. 
"Әйтпесе бір ғана жыртыққа бола, тозып үлгермеген дүниені қоқысқа лақтыруыма тура келетін. Жапонияда да басқа елдердегідей аяғыңдағы шұлық жыртық болса, мәдениетсіздіктің я кедейліктің белгісі саналады. Бір жерге қонаққа барғанда аяқкиіміңді шешесің. Шұлығың жыртық болса, жерге кіріп кете жаздайсың. Өзіммен бірге бірнеше шұлық ала жүретінмін. Сосын бірде шұлығымның бас жағын әдейілеп жырттым да, әдемілеп тігіп қойдым. Сөйтіп, концепция сәнді де мәнді болып шыға келді. Концепцияның трендке айналуына да креативтілігінен гөрі экологиялық тиімділігі ықпал етіп жатқан тәрізді", – дейді дизайнер. 
[caption id="attachment_163618" align="aligncenter" width="666"] width= © note.com[/caption] 2021 жылы жыртық шұлық креатив пен экологиялық тиімділіктің белгісіне айналып жатыр. Ал 2007 жылы Дүниежүзілік банкінің сол кездегі президенті Пол Вулфовиц Түркиядағы мешіттердің біріне жыртық шұлықпен кіріп, сын мен міннің астында қалып, күлкіге айналғаны бар. Айына 300 мың доллар алатын банкир бәтеңкесін шеше берген кезде екі аяғындағы шұлықтың екеуінің де башпай тұсы тесіліп қалғанын байқап қалады фотографтар. Сол кезде бұл жайды біреулер "мешітті сыйламағаны" деп бағалап, байбалам салса, енді біреулер "жұмысқа берілгені соншалық, шұлығын ауыстыруына шамасы жоқ екен ғой байғұстың" деп жұмысына берілгеніне разы болған-ды. [caption id="attachment_163619" align="alignnone" width="810"] width= Дүниежүзілік банкінің президенті (2005-2007 жж.) Пол Вулфовиц Түркиядағы мешітке кіріп бара жатыр. 30 қаңтар 2007 ж.[/caption]