Қарағанды облысы Саран қаласының маңында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады.
Жол апаты 29 қыркүйек сағат 19:30 шамасында болды. №127 маршруттық автобус Саран маңындағы тасжолда трактормен соқтығысқан.
«Барлығы 21 адам зардап шекті. Оның бесеуі Мақажанов клиникасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа ауыр. Қалғаны амбулаторлық емделуге жіберілді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.