Ақтөбеде пәтерден сейф ұрлаған үшеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл маусым айында Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерлердің бірінде зергерлік бұйымдар мен ақша тұрған сейф ұрланған.
Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізу барысында күдіктілер анықталып, ұсталды.
https://www.youtube.com/watch?v=BW-Q8ERTuhg
Бұл ұрлыққа облыс орталығының үш тұрғынының қатысы бар болып шықты. Тінту кезінде олардың бірінің үйінің ауласынан жерге көмілген сейф табылған.
Ұсталғандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.