Қазақстандық Дмитрий Попко Лиссабон "Челленджер" турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған қазақстандық спортшы финалда италиялық Андреа Пеллегриноны 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Екі сағатқа жуық созылған матч барысында Попко 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Қарсыласы 1 брейктен аса алмады. Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді.
Бұған дейін Д.Попко екі мәрте осындай доданың финалында өнер көрсетіп, жеңіліп қалған еді.