Қоянды қырып салған
Қоянды қырып салған
250
оқылды

Нәтижесінде, Жаңақорған ауданы Қандөз ауылынан оңтүстік батысқа қарай шамамен 14 шақырым жердегі «Тұрыс» деп аталатын алқаптан екі азаматты аңшы мылтығымен заңсыз аң аулау кезінде ұстады.

Оқиға орнынан асхана пышағы, тіркеуде жоқ бір ұңғылы 12 калибрлі мылтық, жарық күшейткіш құрал, 24 дана патрон, 10 дана қоянның өлі денелері және күдіктілердің мініп жүрген мотокөлігі заттай дәлелдеме ретінде алыныпты. «Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігімен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы заңсыз аң аулау дерегі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды» делінген облыстық Полиция департаменті таратқан мәлімдемеде.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙҰЛЫ,  Қызылорда облысы