Күрес түрлерінен Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес бәсекесі аяқталуға жақын, – деп жазады Olympic.kz.
Қазақстан командасы сапынан кілемге ең соңғы болып Әлішер Ерғали шықты. 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол 1/8 айналымда Оңтүстік Корея спортшысын таза жеңген болатын.
Алайда, ширек финалда ирандық Можтаба Мухаммадшафи Колейджпен кездесіп, 1:6 есебімен жеңіліс тапты.
Қарсыласы финалға шыққан жағдайда, Әлішердің жұбаныш белдесуіне қатысатын мүмкіндігі бар.