Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: listennotes.com
232
оқылды
Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасының капитаны Алмат Кебіспаев жартылай финалға шықты, – деп хабарлайды Olympic.kz.  67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алмат Кебіспаев ширек финалда кілем қожайыны, 2020 жылғы Еуропа чемпионы Мортен Торесенмен кездескен болатын. Тартысты белдесудің бірінші кезеңінде Алмат қарсыласына 0:5 есебімен жол берді. Екінші кезеңде сәтті әдіс жасап, төрттаған кезінде маңызды ұпай иеленіп, 9:6 есебімен жеңіске жетті.