Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Боснияға қарсы кездесу өткізді.
Талғат Байсуфинов келесі құрамды шығарды: Покатилов, Быстров, Малый, Алип, Вороговский, Куат, Логвиненко, Шомко, Зайнутдинов, Жуков, Щеткин.
Кездесу Нұр-Сұлтанда, "Астана Аренада" өтті және 0:2 есебімен Боснияның пайдасына аяқталды.
25-минутта Смайл Превляк қонақтарды алға шығарса, 66-минутта ол дубль орнатты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы алты кездесуде үш ұпай жинап, топтағы ең соңғы орынға жайғасты.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуді 12 қазанда Финляндиямен болатын матчта өз алаңында өткізеді.