Ұшақ көкке көтерілген сәтте сол жақтағы қозғалтқышы істен шыққан. Сондықтан экипаж аэродромға қайта оралмақ болған.
Татарстан президенті Рустам Минниханов апаттан жарақат алғандар жатқан ауруханаға барып, олардың хал-жағдайын білді.
Апатқа ұшыраған ұшақта 20 парашютпен секіруші және 2 экипаж мүшесі болған. Осы 22 адамның 16-сы көз жұмды. Алтауы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бірінің халі мүшкіл.
Татарстан президенті Рустам Минниханов: «Арнайы штаб құрылады. Біз марқұмдарды жерлеу рәсіміне қатысты шығынды өз мойнымызға аламыз. Қаза тапқандар арасында көрші республика азаматтары бар. Олардың денесін жеткізу бойынша қажетті материалдық көмек көрсетіледі», – деді.
Бұған дейін апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы жарияланған болатын.