Қазақстанға Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасы жеткізіледі – Алексей Цой
Қазақстанға Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасы жеткізіледі – Алексей Цой
©А.Ахметқазы
284
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Pfizer вакцинасын бастапқы кезеңде 12 жастан бастап балалар мен жүкті әйелдерге егеді.

Алайда кейіннен Pfizer вакцинасын салатын санаттар тізімі кеңеюі де мүмкін. Цойдың айтуынша, министрлік Pfizer компаниясымен биыл жыл соңына дейін 4 милиион доза вакцинаны жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойды. Қазақстанда «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V), QazVac, Hayat-Vax, және тағы басқа вакциналар қолжетімді.

Бұған дейін ревакцинация мәселесі туралы жазған болатынбыз.