Қазақстан азаматтары көбінесе бір ипотеканы төлеп, іле-шала екіншісін алады
Қазақстан азаматтары көбінесе бір ипотеканы төлеп, іле-шала екіншісін алады
Фото: zen.yandex.ru
183
оқылды

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, биыл 8 айда ипотека бойынша 1,2 трлн теңгенің 97,2 мыңнан астам келісімшарты рәсімделді. Бұл көрсеткіш  былтырмен салыстырғанда 2 есе көп.

«Биыл ипотекалық несие беру екі есеге артты. 8 ай ішінде Қазақстанда жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге жуық 97,2 мыңнан астам келісімшарт рәсімделді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көп. Берілген кредиттер саны 62%, ал олардың көлемі 2 еседен астам өсті. Қазақстандықтар көбінесе бір ипотеканы төлей салып, екіншісін алады. Биыл 4,1 мыңнан астам адам екінші рет ипотека рәсімдеген» делінген ресми хабарламада.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану арқылы 7 ай ішінде БЖЗҚ-дан тұрғын үй үшін тұрғындардың есепшотына 1,76 трлн теңге аударылды. Бұл соманың шамамен 70%-ы қарызын төлеген. 10%-дан астамы ипотека рәсімдеген.