Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, – деп хабарлайды Қазгидромет.
"Ауқымды антициклон әсерінен елде жауын-шашын болмайды. Батыста ғана жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста – тұман, оңтүстік өңірлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады", – деп жазылған хабарламада.
18 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.