Дәрігер адамға аса қауіпті сусынды атады
Дәрігер адамға аса қауіпті сусынды атады
Фото: massaget.kz
352
оқылды
Ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников қай сусын адам денсаулығына қатты зиян келтіретінін айтты. Оның айтуынша, компот пен морс құрамында қант көп, ал алкогольден мүлде бас тартқан дұрыс. Бірақ дәрігер ең қауіпті деп түрлі-түсті, тәтті, газдалған сусынды атады. Оларды қанып ішсең де, салдары өте жағымсыз болуы мүмкін.
"Диабет тудыратын, семіздікке әкелетін, ақыр соңында қатерлі ісік тудыратын нәрсе. Көптеген елде оны мектеп маңында сатуға тыйым салынуы бекер емес. Бұл, шын мәнінде, остеопороздан бастап қатерлі ісік пен жүрек ауруына дейінгі сырқаттарға апаратын жол", – деді Мясников "Россия 1" арнасындағы авторлық бағдарламасының жаңа шығарылымында.
Дәрігер кәдімгі судан басқа шай мен кофе ішуге кеңес береді. Бұл сусын бауырға пайдалы және аритмияны төмендетеді.
"Бұл құяңға, ревматоид артритке, остеопорозға көмектеседі. Яғни, қазір қай жерге барсаңыз да, кофе, кофе, кофе, оның құрамында мыңнан аса биологиялық белсенді зат бар. Айтпақшы, шай да солай. Көк шайдың ісікке қарсы әсері де бар", – деді тележүргізуші.