Алматылық әйел баласын көлік жүретін жолға қалдырып кеткен
Алматылық әйел баласын көлік жүретін жолға қалдырып кеткен
168
оқылды

Алматыда әйел кішкентай баланы көліктің астына тастамақ болды.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрда әйел баланы көшеге шығарып, көлік жүретін жолға қалдырып кетеді. Мұны көрген ер адам баланы орнынан тұрғызып, жолдан алып кетті. Алматы қалалық Полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты түсінік берді. https://www.youtube.com/watch?v=qhKGDvPtWUE&feature=emb_title
«Қазір Наурызбай аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижесі бойынша мән-жайлар анықталып, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», – деп атап өтті ведомствода.