«Ақшаңды көбейтіп беремін» – 8 миллион теңге жинап алған жас қыз ұсталды
«Ақшаңды көбейтіп беремін» – 8 миллион теңге жинап алған жас қыз ұсталды
Фото: newsroom.kz
520
оқылды

Түркістан облысында «ақшаңды көбейтіп беремін» деп алдап, 8 000 000 теңге алған алаяқ ұсталды.

Мақтарал аудандық полиция бөлімшесіне Шардара ауданының тұрғыны арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, WhatsApp арқылы «ақша берсең, құмар ойыны арқылы көбейтіп беремін» деген уәде беріп, алдағанын айтқан. Күдікті «салған ақшаң еселеп қайтарылады» деп сендіріп, 1 000 000 теңгеден астам ақша алған. Бірақ біршама уақыт өткен соң, телефон тұтқасын көтермей, байланысты үзген. Алаяққа алданғанын түсінген әйел полициядан араша сұраған.

Полицейлер банк қосымшасы арқылы күдіктіні анықтады. Тергеу барысында күдікті жас қыздың осындай сылтаумен тағы 19 тұрғыннан 50 000-800 000 теңге аралығында ақша алып отырғаны анықталды.

Жалпы, 8 000 000 теңгеге жуық теңге жымқырған.