Қытайдан елге келетін студенттерге ұшақ дайын – Бердібек Сапарбаев
Қытайдан елге келетін студенттерге ұшақ дайын – Бердібек Сапарбаев
© сурет интернеттен
375
оқылды
Қытайдағы студенттерді алып келуге ұшақ дайын. Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев осылай деді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. – Қазір біз Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Сондағы бірінші кезекте біздің студенттерді алып келу жөніндегі шаралар пысықталды. Екіншіден, сондағы туристерді жеткізу. Туристер 680 болған, олардың жартысы елге оралды. Біздің есебіміз бойынша бүгін немесе ертең толығымен елге келуі керек, – деді Б.Сапарбаев. Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары Қытайдағы студенттер мәселесіне де тоқталды. «Елге келеміз деген студенттерге ұшақ дайындап қойдық. Өздеріңіз білесіздер, екі елдің арасында тиісті келісімшарттар бар. Соған сәйкес жұмыс істеуіміз керек», – деді ол.