ҚХЛ: "Барыс" қатарынан төртінші ойында жеңіліс тапты
Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» сырт алаңда новосібірлік «Сибирьмен» кездесті, – деп жазады Prosports.kz.
Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Ортио (Бояркин) – Мартинссон-Диес, Старченко-Берглунд-Савицкий; Алсинг-Орехов, Михайлис-Вольф-Лиля; Савченко-Шалапов, Гурков-Шестаков-Петухов; Данияр - Бекетаев, Шайхмедденов-Қайыржан.
Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталып, буллит сериясында сібірліктер жеңіске жетті.
28 қазанда «Барыс» сырт алаңда Владивостоктың «Адмиралымен» ойнайды.
«Сибирь» (Новосибирск, Ресей) – «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 4:3 В (2:2, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0)