Көкшетауда жас қыз үшінші қабаттан секірмек болды
Көкшетауда жас қыз үшінші қабаттан секірмек болды
182
оқылды

Көкшетауда жас қыз үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетпек болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Оқиға 26 қазан күні Васильков шағын ауданындағы 24-үйде болған. Кешкі сағат 17.10-да кезекшілік бөліміне телефон шалған адам қыздың үшінші қабаттың терезесінен секіруге оқталғанын хабарлаған.

«Құтқарушылар дереу оқиға орнына бірнеше минут ішінде жетіп, полиция қызметкерлерімен бірге аумақты қоршауға алды. Әрекет ету жоспарын құрып, автосатының көмегімен қызды құтқарып алды. Өзін өлімге қиған қызға психологиялық көмек көрсетілді», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Абырой болғанда қызды құтқарды. Жағдайды анықтау үшін құтқарушылар қызды тәртіп сақшыларына табыс етті.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы