Алматыда «қызыл статусы» бар 100-ден астам қала тұрғынына айыппұл салынды
Алматыда «қызыл статусы» бар 100-ден астам қала тұрғынына айыппұл салынды
Фото: arnapress.kz
356
оқылды
Алматы қаласында «қызыл статусы» анықталған тағы 104 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
COVID-19-ға ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда – ХҚО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, балабақшалар, қонақ үйлер, сұлулық салондары, боулингтер, автоорталықтар және т.б. нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты. «Қызыл статусы» анықталған аталған тұрғындар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді.
«Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын тұрғындар сауда, қаржы нарығы, әлеуметтік қызметтер, қоғамдық тамақтану, кеңсе ұйымдары, әлеуметтік салалары, білім беру ұйымдары, банктер және басқа да нысандардың қызметкерлері болып саналады. Сондықтан амбулаториялық жағдайда емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармауы тиіс» делінген ведомство хабарламасында.
Алматы қаласының аудандары бойынша «қызыл статусы» бар , 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұлға тартылған тұрғындар тізімін мына сілтемеден көруге болады.