Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіповтың Белградта өтіп жатқан (Сербия) әлем чемпионатындағы келесі қарсыласы анықталды.
1/8 финалда 67 келідегі қазақстандық боксшы Польша өкілі Дамиан Дуркачпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 1 қарашада өтеді.
Айта кетейік, Жүсіпов бұл турнирде екі рет жеңіске жетті. Тайбэйлік Лин Ю мен венесуэлалық Кристиан Паласионы жеңді.