Ұялы байланыспен қамту мәселесі қаралды

Ұялы байланыспен қамту мәселесі қаралды

Түркістан облысындағы 151 ауыл­да ұялы байланыс жоқ. Сондай-ақ өңір аумағын басып өтетін рес­пуб­ли­калық, облыстық автожолдардың көп­шілік учаскелері ұялы байла­ныс­пен қамтылмағандықтан, жол жүрген жо­лаушының телефонмен тілдесуі мүм­кін емес. Тұрғындар аталған жай­сыздықтарды айтып құзырлы орган­дар­ға жиі шағымданатын.

Енді осы мәселені тергеп-тексеру үшін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәс­­лихатындағы фракциясы жанынан ар­найы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы құра­мына енген облыстық мәслихат депу­тат­тары, байланыс операторлары, жауапты басқарма өкілдері күрмеуі қиын проблеманы шешудің жолдарын қарастыру үшін арнайы отырыс өткізді. Жиынды «Nur Otan» пар­тия­сы Түркістан облыстық филиалы төраға­сы­ның бірінші орынбасары, фракция же­тек­шісі Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды. Мақсат – проблемаларды айқындап, шешу жо­лын қарастыру, тиісті басқарма мен жауап­ты мекемелерге ұсыныс беру. Жиында Түркістан облысының Циф­р­лан­­дыру, мемлекеттік қызметтер көрсету жә­­не архивтер басқарма басшысының орын­басары Ерлан Янабаевтың хабар­ла­ма­сы тыңдалды. Оның айтуынша, облыстағы 838 елді мекеннің 481-інде, яғни 57,3 пайы­зын­да 3G және 4G мобильді интернеттері бар. Ал 206 ауылдық елді мекен 2G жүйесіне қа­нағат білдірсе, 151 ауылда (18,1%) ұялы бай­ланыспен қамтылмаған. Облыстағы 6 596 шақырымға жететін республикалық, об­­­лыстық, аудандық және қалалық маңызы бар автожолдардың 3 400 шақырымында ұялы байланыс нашар немесе мүлдем жоқ. «Облыс аумағында ұялы байланыс опе­ра­торлары ұсынатын қызметтер өңір хал­қы­ның қажеттіліктеріне жауап бермейді. Циф­рлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі мен байланыс опе­раторлары арасындағы меморандум шең­берінде 2020 жылдың соңына дейін «Кселл» акционерлік қоғамы тарапынан 250-ден астам тұрғыны бар 80 ауылдық елді ме­кендерді 3G немесе 4G стандартты мо­бильді интернетпен қамтамасыз ету жүк­тел­ген болатын. Алайда 58 елді мекен ғана мо­бильді кеңжолақты қолжетімділікпен қам­тылды», – дейді Ерлан Янабаев. Ол, сондай-ақ ауыл тұрғындарына мо­биль­дік интернеттен бөлек, жоғары жыл­дам­дықты интернетпен қамтамасыз ету мақ­сатында қолға алынған жұмыстарды баян­дады. Одан бөлек, Телеком­муни­кация­лар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекция­сының басшысы Ержан Тоқтағұлов пен өзге де жауапты мекеме өкілдерінің хабарла­малары тыңдалды. Облыстық мәслихат депутаттары тұр­ғындар сапалы интернетке мұқтаж болып отырғанын айтып, мәселені жедел шешу керегін жеткізді. Жиын қорытындысы бойын­­ша фракция мүшелері мен байланыс саласына жауапты мекеме өкілдерінен құралған жұмысшы топ Түлкібас ауданын­дағы Састөбе кенті мен Келтемашат ауыл округінде болып, ұялы байланыс сапасын тексеруден өткізді. Сондай-ақ алдағы уа­қытта бекітілген жоспарға сай облыстағы 30-ға жуық елді мекенге барып, байланыс­тың сапасын тексереді. Еске сала кетейік, Қазақстанда алғашқы бо­лып Түркістан облысында «Қазақтелеком» және «Транстелеком» акционерлік қо­ғам­дары тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік жобасы бойынша талшықты-опти­каны пайдалану жобасы іске асырыла бастаған. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыс­тық мәслихатындағы фракциясы интер­нет­пен қамтумен қатар, өңірдегі карьерлерді заң­сыз пайдаланушылардан қорғау мәсе­ле­сін де бақылауға алған болатын. Облыс ау­мағында кең таралған пайдалы қазбаларды өн­діруге жалпы 110 келісімшарт және 38 ли­цензия берілген. Облыстық инвестиция жә­не экспорт басқармасы заңсыз жер қой­науын пайдалану фактілерін болдырмау жә­не алдын алу мақсатында келісімшарт, ли­цензия аумақтарына зерделеу жұмыс­тарын жүргізген. Нәтижесінде, облыс аума­ғында жалпы келі­сімшарт міндеттемелерін толық орында­ма­ғаны үшін 18 келісімшарт жә­не 4 лицензияның күші мерзімінен бұрын тоқтатылған. Облыстық және аудандық мәслихат де­путаттары құзырлы өкілдерімен бірлесіп, бірнеше аудан, қалада карьерлерге мо­ниторинг жүргізді. Ол жұмыстар жалғасады. Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына ұсыныс беріліп, тиісті шешім қабылданады.

Би-Барыс КӨКШЕ