Алматыда күндіз 10 градус, бұлтты.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында жел соғады. Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және батысында тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Павлодар облысында жел күшейеді, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 23 метрге жетеді, облыстың солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында түнде, күндіз солтүстікте, шығыста және орталығында көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жел, түнде және таңертең тұман болады.