Алматы облысында жүк көлігінің тіркемесі отқа оранды
Алматы облысында жүк көлігінің тіркемесі отқа оранды
Фото: 9111.ru
226
оқылды
30 қазанда түнде Арқарлы асуының маңындағы тас жолда жүк көлігінің тіркемесі отқа оранды. Бұл туралы ТЖД хабарлады.
Сағат 22:17-де Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы – Өскемен тас жолының 135-ші шақырымда жүк көлігінің тіркемесі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы өртті сағат 23:07-де оқшаулап, 23.30-да толықтай сөндірді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, – делінген ТЖД хабарламасында.  
Өрттің алдын ала себебі тасымалданушы жүктің (аккумулятор батареясы) өздігінен тұтануы болуы мүмкін.