Жол апаты жиіледі
Жол апаты жиіледі
215
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгеріп, қардан соңғы көктайғақ жүргізушілер мен жүргіншілерді әбігерге салды. Өткен демалыс күдері облыс жолдарында бес жол-көлік оқиғасы тіркеліп, біреуі адам өлімімен аяқталды.  «Жезқазған - Петропавл» автожолының 935 шақырымында Audi көлігінің 1999 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылған. Салдарынан үш жолаушы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілсе, жолаушылардың біреуі оқиға орнында тіл тартпастан кетті.  width=Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полицейлер апаттың мән-жайы мен себебін анықтайтын болады. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.  width=Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін қатаң сақтауға, сонымен қатар  күзгі демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне назар аударуға шақырады.  width=Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 10 айда облыс жолдарында 151 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның нәтижесінде 28 адам қаза тауып, 206-сы жарақат алған.  width=

Роза ШӘКЕН,

Солтүстік Қазақстан облысы