Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының тағы бір өкілі жеңіліске ұшырады.
75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Райыс ширек финалда Сальваторе Каваллародан жеңілді. Есеп - 2:3.
Бұған дейін Саматәлі Төлтаев (60 келі) франциялық боксшыдан ұтылып, жүлдеге жақын қалғанда сүрінген болатын.