"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-қа кіруге АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитариялық қадағалау басқармасы (FDA) немесе ДДСҰ мақұлдаған COVID-19-ға қарсы екпе алғанын растайтын сертификаты бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Жаңа ережеге сәйкес, Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac секілді вакциналар алған тұрғындар ғана кіреді» делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ министрлік сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша рәсімделуі тиіс екенін атап өтті. АҚШ-қа сапар шегуге неитенген жолаушы құжаттарының түпнұсқа екенін авиакомпания қызметкерлері ұшқанға дейін тіркеу кезінде анықтайды.
Десек те, бұл талаптар 18 жасқа дейінгі балаларға, екпе салдыртуға қарсы көрсетілімдері барларға, сондай-ақ, дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.