Елордада ауа-райы қолайсыздығы салдарынан бір тәулік ішінде 125 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апаттары салдарынан үш адам зардап шекті.
Таңғы сағат 07.00 бастап 35 жол-көлік оқиғасы орын алды.
Ауа-райының қолайсыздығына және көктайғақтың орын алуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият әрі сақ болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау және бүйірлік интервал қағидасын бұлжытпай сақтауды ескертеді. Дымқыл асфальт жүргізушілер үшін – ең қауіпті болып табылады.
Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерге де барынша мұқият болуды ескертеді.