Дауылға байланысты Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
8 қарашада Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте және облыс орталығында 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстік және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.