Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, – деп хабарлайды Olympic.kz.
Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асыл Айтақын турнирдің қола жүлдегері атанды.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол Венгрия өкілі Гамзадгаджи Халидовпен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті. Алайда, төрешілер әдіс сапасы бойынша жеңісті Асылға берді.
Айта кетелік, аталған сында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды. Өкінішке қарай, "классиктерде" жүлде жоқ.