Шахтадағы жарылыс: қаза тапқан жұмысшылардың отбасына кеншінің он жылдық жалақысы беріледі
Шахтадағы жарылыс: қаза тапқан жұмысшылардың отбасына кеншінің он жылдық жалақысы беріледі
Фото: kaz.tengrinews.kz
393
оқылды

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар Қарағанды облысындағы шахтада болған жарылыс кезінде қаза тапқандарды еске алды.

«Құрметті депутаттар мен үкімет сағатына қатысушылар, баршаға мәлім, күні кеше  Абай кенішінде болған жарылыстан азаматтарымыз қаза тапты. Бұл өте қайғылы оқиға. Сондықтан марқұмдардың туған-туыстарына  қайғырып көңіл айтамыз. Апат құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялаймын, – деді Үкімет сағатының басында Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева.

Айта кетейік 7 қарашада «АрселорМиттал Теміртаудың» «Абай» шахтасында метанның бөлінуі салдарынан  кенеттен жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 64 адам жұмыс істеген.  Апат салдарынан алты кенші қаза тауып, екеуі жарақат алды.  Жарылыстың себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Артынан Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болғандардың  отбасына он жылдық еңбекақы төленетінін мәлімдеді.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы