Тараздағы түрмеде «Алтын күз» мерекесі өтті
Тараздағы түрмеде «Алтын күз» мерекесі өтті
252
оқылды

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде  жазасын өтеушілер «Алтын күз — 2021» мерекесін атап өтті. Мерекелік шарада сотталушылар өз өнерлерін ортаға салып,  би билеп, әннен шашу шашты.

Шараның өтуіне ұйытқы болған мекеме басшылығы мұндай бастамалар сотталғандарды қоғамнан сырт айналмауға септігін тигізеді деп сенеді.

– Жаза басып, жаңылғандарға  қоғам сырт айналмаса дейміз. Біз олардың қоғаммен байланыс үзбеуі үшін түрлі мәдени-спорттық шараларды өткізіп тұрамыз. Бұл өз кезегінде жазасын өтеушілердің түзелу жолына түсуіне септігін тигізеді, – дейді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтияр Оңбаев.

Иә, сөз жоқ, мұндай бастама көпке үлгі екені даусыз.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы