COVID-19: тұрғындарға бетперде тақпауға қашан рұқсат беріледі?
COVID-19: тұрғындарға бетперде тақпауға қашан рұқсат беріледі?
Фото: akket.com
242
оқылды

ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова қазақстандықтардың «жасыл» статусына ие бола тұра, қоғамдық орындарда медициналық бетперделерін неге шеше алмайтынын түсіндірді.

«Маска кию міндетті болып табылады. Қазірдің өзінде вакцинацияланған адамның ауырып қалуы мүмкін екені белгілі болып отыр. Тиісінше, ол да қауіпті болуы мүмкін. Дегенмен,  вакцинацияланған азаматтар әлі де инфекцияға басқаларға қарағанда қауқарлы болмақ.  Ауруды да жеңіл өткеруде.  Жұқтру көлемі де аз, бірақ мүмкін.  Сондықтан бүгінде әлемде ешкім маскадан бас тартқан жоқ», – деді Есмағамбетова Үкімет отырысында. Сонадй-ақ оның айтуынша, әлемде ешкім қорғаныс  бетперделерінен  қашан біржола бас тартуға болатын күнін  нақты  айта алмайды.

«Енді нақты күнді ешкім айта алмайды. Бұл көп факторлы әрекеттердің нәтижесінен кейін белгілі болады. Қазір Вирус мутациялануын   жалғастыруда.  Неғұрлым баяу вакцинация жасасақ, соғұрлым вирус жұғады және соғұрлым оның мутацияға қабілеттілігі жоғары болады. Ал бүгінде вирустың мутациясын болжау мүмкін емес», – деп түсіндірді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, ДДҰ табындық иммунитет деңгейінің көрсеткіштерін қайта қарады – оны қалыптастыру үшін халықтың 60% емес, 80% вакцинациялау қажет. Сонда ғана адамдар қалыпты өмірге оралады. «Бетпердені қашан шешетінімізге нақты  жауап бере алмаймын.  Бәріміз маскадан шаршағанымыз рас. Бірақ, өкінішке орай, бұл коронавирустан қорғау шараларының бірі», – деп түйіндеді Есмағамбетова.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы