Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Алматыға жеткізілді
Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Алматыға жеткізілді
251
оқылды
Бүгін ДДҰ мақұлдаған Covid-19 вирусына қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді. Бұл жайында Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия мәлімдеді. Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды. Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Еске салайық, Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 18 жасқа дейінгі балаларға салу жоспарланған.