Биыл 12-13 қараша күндері Жамбыл облысының Түркістан облысындағы мәдени күндері өтеді.
Осыған орай, «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты керуен жолға шықты.
Бұдан бөлек, облысымыздың мәдени күндері аясында өңірлік кітапханалардың «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» атты кітап экспозициясы, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тараз – Ұлы даланың көне шаһары» тақырыбындағы жылжымалы көрмесі және К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздары мен облыстан шыққан эстрада жұлдыздарының гала-концерті түркістандықтарға ұсынылатын болады.
Ал А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Жамбылдың қызыл жолбарысы» қойылымын сахналайды.
Міне, осылайша көрші екі өңір арасында мәдени һәм рухани байланыс беки түсуде.