Маңғыстау облысында ауыл балалары арманына жетті
Маңғыстау облысында ауыл балалары арманына жетті
234
оқылды

Nur Otan партиясы аймақтарда тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін шешіп берді.

Маңғыстау облысы Теңге ауылындағы №14 орта мектептің спорт залында дзю-до үйірмесінің күрес кілемшесі ескірген. Мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан еді. Ата-аналар қалалық мәслихат депутаттарынан көмек сұрады.    width= Аталған мәселе бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Асқар Ноғаев кілемшенің жаңасын алып беруге Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев мырзаға хат жолдады.

Нәтижесінде, Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Қошқарбайұлы жас спортшылардың алаңсыз жаттығуына жаңадан татами кілемшесін алып берді. Татами кілемшесін алуға 2,5 миллион теңге қаражат жұмсалды.