«Сұр» майнерлермен күрес басталды
«Сұр» майнерлермен күрес басталды
© коллаж: Елдар Қаба
427
оқылды

Еліміздегі болжанып отыр­ған энергоахуалға және жаңа жылдан бастап күшіне енетін салықтық өзгерістерге бай­ла­нысты Үкімет майнинг өн­дірі­сіндегі тәртіпті реттеуге кі­рісті. Өйткені елімізде көп­теп ашылып жатқан майнинг фер­малардың басым бөлігі өз қызметін басқа кәсіп тү­рі­мен бүркемелеуге тырысады. Егер олар өз қызметін заңдас­тыр­майтын болса, электр энер­­гиясынан ажыратылмақ. Бұл туралы Энергетика ми­нистр­лігінің қазан айынан бері жұртшылықтың талқы­лауына ұсынылған бұйрығы­ның жобасында айтылған.

 Басты мақсат – энергетикалық қауіпсіздік

Осы мақсатта Энергетика ми­нистр­лігі Цифрлық даму, инно­ва­ция және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистрлігінен нормативтік-құ­қық­тық актілерге өзгерістер мен то­­­лықтырулар енгізуді және цифрлық майнингпен айна­лы­са­тын тұлғаларға арналған талаптар мен критерийлерді нақтылауды сұрап отыр. Бұл туралы Энергетика ми­нистрі Мағзұм Мырзағалиев Қа­зақстандық блокчейн-техно­ло­гиялар қауымдастығының, Блок­чейн және дата-орталықтар мен тех­нологиялар индустриясы қауым­­дастығының, ЦДИАӨМ жә­­не KEGOC өкілдері қатысқан жиын­­да мәлімдеді. Министр май­нер­­лердің дата-орталықтары елі­міз­­дің энергетикалық қауіп­сіз­ді­гіне ешқандай да нұқсан келтірмеуі ке­­рек деп санайды. «Блокчейн-индустриясының по­­тенциалы өте зор екенін ескере оты­­рып, біз күшімізді оны одан ары қарай дамытуға жұмыл­дыруы­мыз қа­жет. Мен диалогті жақ­тай­мын. Сон­дықтан да мұнда жинал­ған­дар­ды еліміздің біртұтас элекр энер­гия­сы жүйесінің қауіпсіздігін жә­не се­нім­­ділігін қамтамасыз ету­ге ша­қыра­­мын. Цифрлық майнинг де­­­ге­німіз – өзге де салалардағы сияқ­ты дербес бизнес субъектісі. Сон­дық­тан да оның қызметі заң бойын­ша қол­дауға да, қудалауға да жа­тады. Мұн­да ешқандай  диск­ри­ми­нацияға жол берілмек емес», – де­ді Мағзұм Мыр­зағалиев. Министрлік өкілдерінің ай­туын­ша, бүгінде электр энергия­сын тұтыну көлемі елімізде қатты өсіп кеткен. Мәселен, бұған дейін бұл көрсеткіш жыл сайын әрі кетсе 2%-ды құрайтын болса, биыл 10 айда ол аномальды өсім көрсетіп, 8%-дан бір-ақ шыққан. Бұл жерде 1 000-1 200 мегаВатт туралы сөз болып отыр. «Мәселен, ондай электроэнер­гияны өндіру үшін кемінде 5 жыл керек немесе 1-1,5 млрд доллар қаржы қажет. Бұл қарайған шығын. Ал бұлай жалғаса беретін болса, ерте ме, кеш пе елімізде электр энергиясының тапшылығы пайда болуы мүмкін. Әзірге ондай тап­шылық жоқ. Қазақстанның энер­гетикалық жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Сондықтан да энерго­қа­уіпсіздік бірінші орында болуы тиіс», – деді Орталық коммуни­ка­циялар қызметінде брифинг өткізген Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков. Вице-министрдің айтуынша, елімізде заң бойынша техникалық шарт алып, параметрлерге сәйкес рәсімделіп, ресми тіркеліп жұмыс істеп жатқан 50-ге жуық майнинг дата-орталықтары бар екен. Олар­ға қояр кінә жоқ. Мәселе ай сайын көбейіп бара жатқан «сұр» май­нерлерде. Заңды айналып өтіп, қыз­метін бүркемелейін мұндай «көлеңкелі» субъектілер негізінен Қытайдан қашқан фермалар.

«Ақ» майнерлер зардап шекпеуі тиіс

Желіде ашық талқыға түсіп жат­қан Энергетика министрлігі бұй­рығының жобасында «ақ» май­нерлерді қапаландырып отырға­ны – олардың электр қондыр­ғы­ларының тұтыну көлеміне 2 жылға 100 мегаВаттық лимит қою идеясы. Мұнымен келіспеген олар заң жо­басына өздерінің өзгерісін ұсынды. «Лимит қою – мәселенің ше­ші­мі емес. Өйткені «көлеңкеде» жүрген заңсыз майнерлердің өзі жылына 300 мегаВатт тұтынады. Сондықтан негізгі кәсіп түрімен бүркемеленіп Bitcoin өндірумен де ұрланып айналысатын «сұр» май­нерлердің кесірінен «ақ» майнер­лер зардап шекпеуі тиіс. Ол үшін қалалардың, ірі елді мекендердің маңында майнинг фермаларын ашуға тыйым салу керек. Өйткені олар міндетті түрде аймақтық ішкі электр желілеріне қосылады. Одан соң электр өндіретін кәсіпорын­дарға өз қажеттіліктері үшін алып қалатын энергияны цифрлық май­нингке жұмсауға нақты тыйым са­ла­тын уақыт жетті. Тағы бір ұсы­нысымыз – кәсіби қызметі басқа кәсіпорындардың аумағына цифр­лық майнинг орнатуға тыйым салу қажет. Майнинг дербес кәсіп түрі болып бекітіліп, мемлекет онымен қосымша айналысуға рұқсат етпеуі тиіс. Өйткені зауыт аумағында тұр­ған мұндай фермалар оның ком­муналдық ресурстарына ортақта­сады да, оның шығыны түптеп келгенде зауыттың шығаратын өнімінің өзіндік құнына мінеді. Бұл тек еліміздің энергетика са­ласына емес, қазақстандық тауар­лардың бәсекелестік қабілетіне, ал түптеп келгенде экономикаға зия­нын тигізеді», – дейді Блокчейн және дата-орталықтар мен тех­но­логиялар индустриясы қауымдас­тығының төрағасы Алан Дорджиев. Бүгінде бұл қауымдастыққа еліміздің индустриалды-цифрлық майнинг нарығының 70%-ын құ­райтын ірі компаниялар кіреді. Олар еліміздің энергетика сек­то­рына сараптама жасап, бұл ұсы­ныс­тардың майнингке жұмса­латын электр энергиясын 35%-дан астам үнемдеуге, яғни 300 мегаВатт токты сақтап қалуға болатынын айтып отыр. Сондай-ақ қауым­дастық өкілдері тұтыну артқан сағаттарда электр энергиясын сырттан сатып алуды ұсынады. Бұл веерлік сөнді­рулерді болдырмауға, сол арқылы майнинг фермаларына қажетті ток­ты шектемеуге және жаңадан фер­­ма ашамын немесе фермасын ке­ңей­темін деушілерге мүмкіндік бермек.

Бюджетке қосымша 650 млн теңге салық түседі

«Импорт тартудан ішкі тарату желілерін транзиттік пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке 1,2 млрд теңге көлемінде ай сайын кіріс түспек. Ал 2022 жылдан бас­тап майнинг өндірісіне 1 киловат/сағат үшін салынатын 1 теңге са­лық ел қазынасына айына тағы да қо­сымша 650 млн теңге құймақ. Бү­гінде «көлеңкелі майнингтің кө­зін құрту үшін мемлекет пен заңды майнерлер арасында тығыз бай­ланыс орнауы қажет. Сол мақ­сатта біз «ақ» майнерлердің рес­­ми тізі­лімін енгізу қажеттігін бір­неше рет көтердік. Сонда осы са­ланы қа­да­ғалап отыру өте жеңіл бо­ла­ды», – деп түйіндеді Алан Дорджиев. Мамандар жыл сайын блок­чейн-технологиялар индус­трия­сынан мемлекет бюджетіне 127,5 млрд теңгеден астам кіріс түсетінін айтып отыр. Сондықтан да бұл ақпараттық өнеркәсіпті дамыту үшін алдағы бес жыл ішінде салаға 500 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту көзделуде. Энер­гетика министрімен өткен жиын қорытындысында Бірлескен хат­тамаға қол қойылды. Соған сәйкес тараптар еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясы мен қуатының тапшы­лығы туындаған кезде халыққа және әлеуметтік объектілерге ар­налған электр энергиясын шек­теуге жол бермеу туралы, теңгерім­деуші нарықты (demand-response) іске қосу туралы заңнамалық актіні қарауды және қабылдауды жеделдету туралы, электр энер­гиясын сатып алуға кепілдік бере отырып, «ақ» майнерлерге қатысты (off-take келісімшарттары) Қаржы-есеп айырысу орталығы арқылы жаңа ірі ЖЭК жобаларын дамыту үшін инвестициялар тарту туралы келісті.

Нұрлан ҚОСАЙ