Қос құрама арасындағы ойын тартысты өткенімен, кездесуде есеп ашылмады. Матч аяқталысымен алаңға кішкентай қыз жүгіріп шығып, сүйікті футболшысы Криштиану Роналдуды көруге асықты.
Мұны байқаған стюардтар қызды алаңнан алып кетпек болды. Бірақ Роналду фанатын жанына шақырып, оған жейдесін сыйға тартты.
Кейін сол жанкүйер қыздың 12 жастағы «Шелбурн» футболшысы екені белгілі болды. Аты-жөні – Аддисон Уилан. Бұл туралы аталған ирландиялық клубтың Twitter-дегі парақшасында жазба жарияланды.